тел/факс 291-08-75, 8 (777) 268-68-87
e-mail: ecocourier@mail.ru
Городской или сельский образ жизни?
Огромный мегаполис
Крупный город
Небольшой город или пригород
Сельский населенный пункт

Табиғат байлығын қорғайық!

Главная Человек и природа Табиғат байлығын қорғайық!
« Назад

Табиғат байлығын қорғайық!  12.11.2014 06:58

Қазақстан  Республикасының  Қызыл Кітабінде – ІІІ дәрежеге ие сирек кездесетін шектеулі таралған түр тас  сусары. Жыртқыштар отрядына, сусарылар тұқымдасына жататын жануар.

 Шығыс Қазақстанның Батыс және Оңтүстік Алтай аумағында, Қалба Алтайында, Сауырда, Тарбағатайда, Маңырақта, Қалжыр алқаптарында, Зайсан қазаншұңқырында кездеседі. Тау шатқалдарында және тасты жерлерде мекендейді, Оңтүстік Алтайдың бұталы - тоғай тасты беткейлерінде кездеседі. Катонқарағай МҰТП- нің аумағында жылына үш мезгіл есепке алынып отырады. Тас сусарының ерекшелігі денесінің ұзындығы 42-48 см ге дейін, құйрығының ұзындығы 22-26 см, салмағы 1,2-2 кг. Өте шапшаң жыртқыш жануар. Дене бітісі іс қимылы орман сусарына өте ұқсас. Орман сусарынан айырмашылығы дене салмағында.  Кеудесінде ақ түсті  доға тәрізді таңбасы бар, құлақтарының ұшы ақ сарғыш, үлпілдек жүнді, жылтыр қара қоңыр түсті  жануар. Терісі өте бағалы. Тас сусары ауылды елді мекендерге, тас шатқалдарда, су қоймаларына жақын жүргендіктен, ұяларын осындай жерлерге салады. Қорегі тышқан тәрізді кемірушілер, ұсақ құстар, жәндіктер, жауын құрты. Сонымен қатар, үй құстарына, үй қояндарына зиян келтіреді. Қыста жеміс жидектермен және құстардың ұясын бұзбай жұмыртқаларын алып қоректенеді. Қорегін түнде кейде күндіз аулайды. Тас сусары маусым- шілде және тамыз айларында ұйығады. Сәуір мамыр айларында күшіктейді. Ұяда орташа есеппен 2 және 5 күшікке дейін болады. Мөлшерімен 35 күннен кейін көздерін ашады. 7-8 апта бойы сүтпен қоректенеді. Жас сусарылар шілденің екінші жартысында ұяны тастап, жемін аулау кезінде шешесімен еріп жүреді.

Қазіргі уақытта тас сусарылар саны азайып бара жатыр.Санын сақтап қалу үшін мекендейтін орындарын қорғауды күшейту, тұрғындар арасында бұл құңды аңның маңызы жайында үгіт – насихат жұмыстарын кеңінен жүргізу қажет деп ойлаймын. Табиғат байлығын қорғауға бір кісідей ат салысайық ағайын!

Қ. Торғаев

КМҰТП-нің  жануарлар әлемін

                                                                     қорғау және өндіру бөлімінің

 саяткер – биологі


Комментарии


Комментариев пока нет

Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.

Авторизация
Введите Ваш логин или e-mail:

Пароль :
запомнить

Прогноз погоды