тел/факс 291-08-75, 8 (777) 268-68-87
e-mail: ecocourier@mail.ru
Городской или сельский образ жизни?
Огромный мегаполис
Крупный город
Небольшой город или пригород
Сельский населенный пункт

Атамекен kz

Главная Атамекен kz

ataebatogomeken

Жарыққа шыққанына жиырма екі жылға аяқ басқан республикалық қоғамдық-экологиялық «Экологический курьер int» газетіне қосымша шығатын «Атамекен KZ»газеті мыңдаған авторлардың ортақ басылымына айналды.

Қазақстан экологтарының сүйікті газеті 2006 жылдың ақпан айынан бері екі тілде шыға бастады. Бүгінгі таңда экологиялық жаңалықтарды республика оқырмандары екі тілде оқиды, демек, басылым өзінің керегесін әлдеқайда кеңейтті. Қос тілді газет өзінің өміршеңдігімен,өзектілігімен 2011 жылы Қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің Алғыс хатына ие болды.

«Атамекен KZ» газетінің барлық беті өзінің авторларының материалдарымен толып тұрады. Қоршаған ортаның проблемалары, табиғат жанашырларының жанайқайы, экологиялық ахуалдың аумалы-төкпелігі, экологтардың шығармашылықтарына да орын беріледі.

Мемлекеттік тілдегі газет беттерінен «Атамекен-Ақпарат», «Табиғат және Таным», «Табиғат және Тарих», «Табиғатым тал бесігім», «Жайың қалай жас эколог!», «Оқырман және ойлы хат» тағы да басқа рубрикалар бойынша материалдар топтамасы үздіксіз жарияланады.

Жылма-жыл аталып өтіп тұратын «Саябақтар шеруі» акциясында газет өзінің белсенділігімен Мемлекеттік Ұлттық парктердің алғыс хаттары мен грамоталарына иеленіп келеді. Ана тілімізде шығатын «Атамекен kz» газеті Қазақстанның түпкір-түпкіріндегі табиғат тұтынушылардың, экологтардың және осы салаға қалам тартып жүргендердің сүйікті газетіне айналды.Оқырмандардың басылымның әрбір санын асыға күтетіні бізді қуантады.

 

Прогноз погоды