тел/факс 291-08-75, 8 (777) 268-68-87
e-mail: ecocourier@mail.ru
Городской или сельский образ жизни?
Огромный мегаполис
Крупный город
Небольшой город или пригород
Сельский населенный пункт

Публикации

Главная Публикации Адам табиғаттың әрі перзенті, әрі қорғаушысы
« Назад

Адам табиғаттың әрі перзенті, әрі қорғаушысы  19.02.2015 13:41

Біз жұмыр жер бетінде өзге де алуан түрлі тіршілік иелерімен қатар мекендеп, өмір сүріп жатырмыз. Қазақстанда жабайы табиғаттың аса ғажайып өңірлері — шаруашылық қызметінің кез келген түріне тыйым салынған қорықтар бар. Көрік-келбеті уыз қалпында сақталған мұндай табиғат алаптары сиреп, құрып кетуге айналған жан-жануарлар мен өсімдіктердің аса маңызды тіршілік ортасы болып табылады.  

Биологиялық және ландшафтық орасан мол алуан түрлілік пен әсем табиғат көркі үйлесім тапқан бұл жерлер рухани және дене күш-қуатының қайнар көзі ретінде адамға қызмет етеді. Елімізде көптеген ерекше қорғалатын табиғи аумақтар анықталған, солардың бірі: Мемлекеттік ұлттық қорықтар, Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, Мемлекеттік табиғи резерваттар, және  т.б.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың соңғы кезде ұйымдастырылып жүрген түріне — биосфералық қорықтар жатады. 

Биосфералық қорықтар дүние жүзіндегі кейбір ауқымды аймақтардың табиғатын қорғау және сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылады. Онда табиғат қорғау шаралары халықаралық деңгейде жүргізіледі. Мұндай қорықтар табиғаты онша өзгеріске ұшырамаған экожүйелерде ұйымдастырылып, табиғатта үздіксіз болып жататын өзгерістерге бақылау жасалынып талданады. Биосфералық қорықтардың аумағы бірнеше белдемдерге (ішкі, шекаралық және шаруашылық) бөлініп, ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Қазір дүние жүзінде 350-ге жуық биосфералық қорық ұйымдастырылған Қазақстандағы Қорғалжын және Наурызым қорықтарына биосфералық қорық мәртебесі берілген. Біздің елімізде ерекше корғалатын табиғи аумақтардың негізгі түрі — мемлекеттік табиғи қорықтар. Қорықтар ғылыми мекемелер қатарына жатады. Қорық аумағында ешқандай шаруашылық жұмыстары жүргізілмейді, онда тек ғылыми-зерттеу жұмыстары ғана жүргізіледі. Сондықтан қорық аумағында жоғары білімі бар арнайы мамандар ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қазір Қазақстанда 10 мемлекеттік табиғи қорық бар.

1) Ақсу-Жабағылы мемлекеттiк табиғи қорығы, 2) Алматы мемлекеттiк табиғи, 3) Наурызым мемлекеттiк табиғи қорығықорығы, 4)Барсакелмес мемлекеттiк табиғи қорығы, 5)Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығы, 6)Марқакөл мемлекеттiк табиғи қорығы, 7)Үстірт мемлекеттiк табиғи қорығы, 8) Батыс Алтай мемлекеттiк табиғи қорығы, 9) Алакөл мемлекеттiк табиғи қорығы, 10) Қаратау мемлекеттiк табиғи қорығы.  

Далалы аймақта ұйымдастырылған Наурызым, Үстірт және Барсакелмес қорықтары шөлді аймақтың табиғи бірлестіктерін қорғау мақсатында ұйымдастырылған.  Ал, Қорғалжын қорығы сулы-батпақты алқаптың табиғат байлығын қорғайды.

Ұлттық  табиғи саябақтар

Ұлттық табиғи саябақтарда табиғат қорғау жұмыстарымен бірге табиғат қорғауды насихаттау, экологиялық білім мен тәрбие беру, туризмді үгіттеу жұмыстары қоса жүргізіледі. Елімізде 10 ұлттық табиғи саябақ ұйымдастырылған.  1) «Алтынемел» 2) Баянауыл 3)«Бурабай» 4)«Бұйратау» 5) Жоңғар Алатауы 6) Катонқарағай 7) «Көкшетау»8) «Көлсай көлдері» 9) Қарқаралы 10) Сайрам - Өгем 11) Шарын 12) Іле Алатауы. Ұлттық табиғи саябақтар көбіне табиғаттың көрікті жерлерінде ұйымдастырылып, шаруашылық жұмыстарды табиғат қорғау жұмыстарымен үйлесімді жүргізуге ерекше мән беріледі.

Табиғи қорғалымдар (резерваттар)

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жаңа түрі — табиғи резерваттар. Елімізде  5 табиғи қорғалым  ұйымдастырылған.   «Ақжайық»,  «Ертіс орманы»,  «Семей орманы»,  «Ырғыз-Торғай», «Алдын Дала». Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы табиғат-анаға қарыздар. Сондықтан да, табиғатқа немкетті қарау, онымен санаспау – ана сүтін ақтамағанмен пара-пар. Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек

Қожабекова Г.

Қорғалжын мелекеттік табиғи қорығы Экологиялық ағарту бөлімі



Комментарии


Комментариев пока нет

Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.

Авторизация
Введите Ваш логин или e-mail:

Пароль :
запомнить

Прогноз погоды