тел/факс 291-08-75, 8 (777) 268-68-87
e-mail: ecocourier@mail.ru
Городской или сельский образ жизни?
Огромный мегаполис
Крупный город
Небольшой город или пригород
Сельский населенный пункт

2 ақпан - Дүниежүзілік сулы-батпақты күні

2 ақпан - Дүниежүзілік сулы-батпақты күні
« Назад

2 ақпан - Дүниежүзілік сулы-батпақты күні  19.02.2015 13:20

Сулы –батпақты алқапты бүкіләлемдік деңгейде сақтап қалу және қорғау конференциясына 1971 жылы 2 ақпанда Иран мемлекетінің Рамсар қаласында қол қойылды. Сондықтан да, бұл Рамсар Конвенциясы деп аталады және осы Конвенцияға қол қойылған күн 1997 жылдан бастап сулы-батпақты алқапты сақтап қалудың Бүкіләлемдік күні деп белгіленді.

Сулы-батпақты алқапты бүкіл әлемдік  деңгейде сақтап қалу және қорғау конвенциясына қазіргі таңда қол қойған 160-қа жуық мемлекеттер бар. Сулы –батпақты алқаптардың саны-1708, олардың алып жатқан жер көлемі 153 млн. гектардай алқапты құрайды.Еліміздегі су ресурстары барлық аймақтарда біркелкі таралмаған.Елімізде 85 мыңнан астам ірілі-ұсақты өзендер, 48 мыңнан астам көлдер және 4 мыңнан астам су қоймалары мен тоғандар бар. Елімізде ерекше маңызы бар бірқатар сулы-батпақты алқаптарда қазіргі кезде Бүкіл әлемдік және республикалық ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылған.Оған 2008 жылы Бүкіл әлемдік табиғи мұралар тізіміне тіркелген Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы (1968) және республикалық мәңі бар Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы (1998) мен Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты жатады.

   Халықаралық  деңгейге сәйкес Қазақстанда бірнеше сулы-батпақты алқаптар бар.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев және Қазақстан Республикасының Үкіметі Арал теңізін қалпына келтіру үшін ерекше күш салып келеді. Экологиялық жағдайды жақсарту үшін көптеген қаражат бөлінуде. Әрине мұндай жағдайда «Ерекше қорғалатын табиғи аумақ» статусы бар, Барсакелмес қорығының Арал теңізінің нәзік табиғатын сақтау және молайту үшін тер төгуде. ҚР 2010 жылғы ЕҚЫҰ (ОБСЕ) төрағалық етуіне байланысты мәселерінің бірі - Арал теңізі тағдыры болады, өйткені, мұндай көлемдегі экологиялық апат дүние жүзінде жоқ.

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының аумағын ұлғайту туралы техникалық – экономикалық сараптама негізінде Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2005 жылдың 10 маусымдағы №135 бұйрығымен бекітілген, 2005 жылдың 11 наурызындағы №1 ғылыми техникалық кеңестің хаттамасымен қабылданған болатын. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қарашадағы №1162 «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығына тұрақты жер пайдалануға жер бөлу туралы» қаулысына сәйкес «Барсакелмес» және «Қасқақұлан» учаскелері қосылған, ал, «Сырдария өзенінің сағасы» «Көкарал» бөгетінің және «Ақлақ» гидро құрлыстарының жүргізілуіне байланысты тоқтатылған болатын.

  Сулы батпақты алқаптар өзінің ландшафтылық ерекшеліктеріне және оларды адам баласының пайдалану жағдайларына байланысты ғаламшарымыздағы тез өзгеріске ұшырайтын экожүйе болып саналады. Сондықтан да, мұндай алқаптарды сақтап қалуға ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Тек ХХ ғасырдың өзінде ғана көптеген мемлекеттер өз аумақтарындағы табиғи сулы-батпақты алқаптардың 50 пайыздан астам аймағынан айырылып қалғаны туралы деректер бар. Қазахстан Республикасы халықаралық маңызы бар сулы-батпақты өңірлерді қорғау мақсатында Кіші Арал теңізі Рамсар конвенциясының тізіміне кірген. Сырдария өзенінің сағасында көлдер жүйесіндегі  және Кіші Арал теңізінде көктемгі, күзгі уақытта әртүрлі жойылып бара жатқан және жойылып кету, қаупі бар құстардың түрлері кездеседі. Барсакелмес қорығы үшін заңда  айтылған «Дельта» учаскесін қорғау өте маңызды. Барсакелмес қорығына сулы-батпақты өңірін қосу мәселесі үлкен қоғамдық қолдау алды.  Қазіргі таңда осы мәселе бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

Б. Қуандықов

Барсакелмес мемлекеттік табиғи 

қорығының ғылыми қызметкері 


Прогноз погоды