Городской или сельский образ жизни?
|
Тіршіліктің тірегі сен, Жер ана!
Тіршіліктің тірегі сен, Жер ана!
Тіршіліктің тірегі сен, Жер ана! 04.05.2013 11:11
Бұл шараның мақсаты оқушыларды табиғатты сүюге, аялауға шақыру, барлық тіршілік иесі өсіп-өнетін табиғатты анасындай құрметтеп, келешек ұрпаққа табыстау керектігін ұғындыру. Үш кезеңнен тұратың сайысқа оқушылар «Ақбөкен», «Леман қызғалдағы», «Дала қыраны» болып топтарға бөлінді. Оқушылар бір кезеңде «Табиғат ластануының себептері антропогендік факторлардың әсерінен бе?» атты баяндамаларын оқып, екінші кезеңде сергіту сәтінде жыл мезгілдеріне сөйлем құрастырып, табиғат туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер айтты, ал 3-ші кезеңде өздерінің табиғатқа арнаған өлең шумақтарын оқыды. Шара соңында оқушыларға табиғат таңғажайыптары деп аталатын қызықты сұрақтар қойылып, қорытындыланды. Тренинг сайысында белсенділік танытқан топтарға естеліктер сыйға тартылды. Сонымен қатар, мектеп кітапханасына «Ырғыз-Торғай МТР» атты шағын кітапшасы және «Резерват аумағындағы аң-құстар» атты танымдық журналы естелік ретінде берілді. Дүйжанов.Н «Ырғыз-Торғай МТР» Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің бас маманы |
|